"Канеломен" жаттыққан қазақстандық Альварестің әлсіз тұсы туралы ойын айтты

©instagram.com/suleimen_promotions_official/

Екінші жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Евгений Павлов төрт салмақ бойынша әлемнің чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварестің әлсіз тұстарын айтып берді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Еске салайық, биыл Павлов бірнеше қазақстандық боксшылармен бірге "Канелоның" залында жаттығу өткізген болатын. 

Сол үшінде Павловтан Альварестің әлсіз тұсын сұраған еді. Бірақ қазақстандық боксшы оның әлсіз тұсын байқамапты. 

"Әлсіз тұсы жоқ. Сондықтан да ол бірінші нөмірлі боксшы", - деді Павлов Suleimen Promotions-ке берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Альварес келесі кездесуін 7 мамыр күні жартылай ауыр салмақта WBA белбеуінің иегері ресейлік Дмитрий Биволға қарсы өткізеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport