Канеломен абсолютке таласқан боксшы Головкинмен Қазақстанда айқаспақ ниетте

©boxingscene.com

Суперорта салмақтағы британиялық Джон Райдер (31-6, 17 КО) абсолют чемпион атағы үшін Сауль Канело Альварестен жеңілгеніне еш өкінбейді, деп хабарлайды Vesti.kz

6 мамыр Мексикада өткен жекпе-жекте ол Канелоға төрешілер шешімімен есе жіберді. 

"Мен жеңе алмадым, бірақ өзімді жеңімпаз сезінемін. Менің акцияларым өсті, енді ешқайда асықпау керек. Канело белбеулерді мықтап ұстап отыр, енді ол титулдар үшін айқасуға мүмкіндік болмайтынын білемін. 35 жасқа келдім, тағы бір-екі айқас өткізгім келеді. Үлкен айқастар", - деп береді боксшының сөзін vRINGe.com.

Райдер нақты кіммен жұдырықтасқысы келетінін біледі, тіпті жекпе-жек қайда өтетіні маңызды емес екен.

"Алдағы үш айқасқа қарсылас таңдауға рұқсат берсе (Геннадий) Головкин, Калеб Плант және Дэвид Бенавидес дер едім". Головкиннің жоспары қандай екенін білмеймін. Егер ол рингке шыққысы келсе, мен онымен Ұлыбритания, Мексикада, керек болса Қазақстанда да жұдырықтасуға дайынмын", - дейді ол.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport