"Канело" ресейлік Дмитрий Биволды қалай жеңетінін айтты

©Reuters

Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 KO) жартылай орта салмақта WBA Super белбеуі үшін айқаста Дмитрий Биволға (19-0, 11 КО) қарсы қандай тактика әзірлегенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Менің ойымша, жекпе-жек кезінде шабуылды алғашқы раундтардан бастау керек. Себебі қарсыласымның функционалды дайындығы жақсы. Ол өте төзімді боксшы. Дмитрий Бивол осы дивизиондағы ең мықты былғары қолғап шебері деп сенімді түрде айта аламын. Сондай-ақ, бұл салмақта Артур Бетербиев те қара жаяу емес. Бетербиев прессинг жасағанды жақсы көреді. Ал Бивол прессингтен бөлек, ақылмен жұдырықтасады. Айқасқа тыңғылықты дайындалдым. Ресейлік боксшының деңгейінен хабардармын. Осы орайда менің бапкерім арнайы тактика әзірледі. Көп қозғалыста болуым керек. Эдди Рейносо екеуміздің еңбегіміз далаға кетпейді деп сенеміз", - деп жазады vRINGe.com басылымы Канелоның айтқан сөздерін келтіріп.

Еске салайық, "Канело" мен Бивол жекпе-жегі ертең 8 мамыр күні Лас-Вегаста (Невада, АҚШ) өтеді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport