auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Канело" мен Чарлоға қарағанда Головкинмен жұдырықтасу оңай". Мексикалық ешкімнен қорықпайтынын айтады

"Канело" мен Чарлоға қарағанда Головкинмен жұдырықтасу оңай". Мексикалық ешкімнен қорықпайтынын айтады
© MMABoxing
Алғашқы орта салмақта WBO чемпионы мексикалық Хайме Мунгуйя (29-0, 25 КО) отандасы Сауль "Канело" Альвареспен жекпе-жек өткізгісі келетінін және бұл қазақстандық Геннадий Головкинмен жұдырықтасқаннан ауыр болатынын мәлімдеді, - деп хабарлайды vringe.com.

- "Канело" Альвареспен жұдырықтасқыңыз келе ме?

- Ешкімді жекпе-жекке шақырып көрмеппін. Головкинмен жұдырықтасуды ұсынды, келістім. Қазір өз салмағымда чемпионмын, иә, "Канеломен" жұдырықтасқым келеді. 

- Головкинмен жекпе-жекке ойланбастан келістіңіз?

- Ешкімнен қорықпаймын. Головкин мен сияқты адам. Оған да таяқ өтеді. Мүмкіндік болса, жұдырықтасамын. 

- Қай жекпе-жек жеңіл дер едіңіз: Головкин, "Канело" әлде Чарломен?

- Головкинмен деп ойлаймын. Өйткені ол алдыңда тұрады, ал "Канело" мен Чарло көп қозғалады. 

- Головкин мен Альварестің қарымтасы қалай өтеді?

- Бұл жекпе-жек алғашқысына ұқсайтынын сеземін. "Канело" бір орында Головкинмен соққы алмасып тұра береді дегенге сенбеймін. 

Еске салайық, Мунгуйя отандасы Сауль "Канело" Альварестің допинг дауына байланысты Головкинге қарсылас ретінде қарастырылған. Алайда Невада штатының Атлетикалық комиссиясы (NSAC) бұған рұқсат бермеді. Өйткені мексикалық 12 раундтық жекпе-жек өткізіп көрмеген және АҚШ-та бір рет қана жұдырықтасқан. Осыдан кейін Головкин 5 мамырда америкалық Ванес Мартиросянмен (36-3-1, 21 КО) жұдырықтасып, оны нокаутқа түсірген болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама