"Канело" Ковалевпен жұдырықтассын, Головкинмен баяғы жыр болады - Хопкинс

© boxingscene.com
Екі салмақта бұрынғы әлем чемпионы Бернард Хопкинс мексикалық Сауль "Канело" Альварестің жартылай ауыр дивизиондағы ресейлік боксшы Сергей Ковалевпен жұдырықтасу ниетін қолдадйды, - деп хабарлайды Fightnews.info.

Бұл үшін ресейлік боксшы 24 тамызда Энтони Ярдты жеңу керек. Хопкинс осыдан кейін мексикалық Ковалевті жеңеді де өзіне тиесілі тарихи жетістікті қайталайды деген үмітте.

"Біріншіден, "Канело" мен Ковалевтің жекпе-жегі талқыланып жатқанын білемін. Сергеймен бір-екі жыл бұрын да жұдырықтасқысы келген. Осыдан кейін орта салмақта да жұдырықтасып, өзіндегі белбеулерді қорғайды деп сенемін. Сауль Сергеймен тарихи жетістік үшін жекпе-жек өткізеді - орта салмақтан келіп, жартылай ауыр дивизион белбеуін жеңіп алу. Ол мұндай қолынан келген екінші боксшы болатын еді. Өйткені бірінші мен болғанмын, мұндай тіпті Рэй Робинсонның қолынан келмеді", - дейді Бернард.

Бұрынғы чемпионның сөзінше, мексикалық боксшы Ковалевті денеден соққы жасау, жас айырмашылығы мен тәжірибесі арқасында жеңе алады екен.

"Сауль неге Ковалевпен жұдырықтасқанын қалайтынымды білесіз бе? Бір боксшымен үш немесе төрт рет қолғап түйістіру (Головкинді айтып отыр) - мұнда қанша драмма, боксшылардың қарсылығы болса да, 50 немесе 100 жылы бұрын үш-төрт рет жұдырықтасқан және тарихта қалған бокашылардың барын білсең де, ол қарсыласпен жекпе-жек нәтижесі өзгермейтінін біліп жұдырықтасу жалықтырады. Тіпті Джо Фрейзер мен Мухаммед Али, Микки Уорд пен Артуро Гатти, Пакьяо - Маркес жекпе-жектерінде де жаңа ештеңе көре алмайсың. Басқа қолғап пен шолақ шалбар киеді, киімінің түсі алдыңғыдан өзге болады, осы ғана. Одан да Альварес өзін сынап, Ковалевпен жұдырықтасқанын қалар едім", - дейді ол.