"Канело" келесі жекпе-жегіне қатысты ресми мәлімдеме жасады

©chron.com

Екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль "Канело" Альварес (59-2-2, 39 КО) әлеуметтік желіде өзінің келесі жекпе-жегі туралы ақпарат жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Мәлімет бойынша, ол рингке қыркүйекте шығады, ал қарсыласы Эл Хэймонның Premier Boxing Champions промоутерлік компаниясы ісін жүргізетін боксшыларды бірі болады. Альварес келісімшарт жасалып қойғанын хабарлап отыр. 

Әзірге өзге мән-жай белгісіз. Алайда vRINGe.com  пайымынша, Альварес әдеттегідей 16 қыркүйек - Мексиканың тәуелсіздік күін айқасады.

Ал мексикалықтың қарсыласы орта салмақта WBC чемпионы Джермалл Чарло (32-0, 22 KO) болатынға ұқсайды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport