"Канело" келесі жекпе-жегі туралы жар салды

©Fightnews.infо

Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альварес келесі жекпе-жегі 6 мамыр Мексикада өтетінін растады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Халиско бостандығы мен тәуелсіздігінің 200 жылдығын тойлау кезінде, мен өз жерімде айқасу үшін рингке ораламын. Мамырда титулдарымды қоғаймын. Жуырда мән-жайды хабарлаймыз", - деп жазапты "Канело" әлеуметтік желіде. 

БАҚ мәлметінше, келесі қарсылас британиялық Джон Райдер болады.

Айта кетейік, "Канело" Мексикада 2011 жылдан бері жекпе-жек өткізген жоқ.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар