"Канело" карьерасын қашан аяқтайтынын айтты

©Тұрар Қазанғапов

Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Саул "Канело" Альварес (59-2-2, 39 КО) 30 қыркүйекте рингке оралады. 33 жастағы мексикалық Лас-Вегаста өтетін бокс кешінде өзімен түйдей құрдас америкалық Джермелл Чарломен (35-1-1, 19 КО) жекпе-жеке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Чарло бірінші орта дивизионда абсолют чемпион екенін айта кетейік. Осылайша, бокс тарихында алғаш рет екі абсолют чемпион айқасқа түседі. 

Жекпе-жек алдында Альварес карьерасын аяқтауға қатысты сұраққа жауап берді. 

"Меніңше, әлі 4 жылдай уақыт бар. Ары кетсе 5 жыл. Кәсіпқойда 15 жасымнан жүргенімді ұмытпаңыздар. Содан бері бақандай 18 жыл уақыт өткен. Карьераны 36-37 жаста аяқтау керегін үнемі айтып келемін. Сол уақытқа дейін боксқа әбден тоямын деген ойдамын. Бұл шынында көп уақыт", - деп береді Альварестің сөзін vRINGe.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport