Канело карьерасын қашан аяқтайтыны айтылды

©twitter.com/Canelo

Екінші орта салмақта әлемнің аболсют чемпионы Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) боксшы карьерасын қашан аяқтайтынын айтты, деп жазады Vesti.kz.

"Канело Альварес әлі кемі бес жыл жұдырықтасатынын, одан кейін ғана бокстан кететінін мәлімдеді", - деп жазыпты инсайдер Майкл Бенсон әлеуметтік желіде. 

Альварес кейінгі рет былтыр қыркүйекте жұдырықтасып, америкалық Джермелл Чарлоны (35-2-1, 19 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын. Бірінші орта салмақта абсолют чемпион болған Джермелл Альвареспен екінші орта дивизионда жұдырықтасты. Енді мексикалық боксшы Джермеллдің егізі Джермалл Чарломен (33-0, 22 КО) жекпе-жек өткізбек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport