"Канело" Головкиннің мексикалық стиліне баға берді

©AP

Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-2-2, 39 КО) қазақстандық Геннадиий Головкиннің (42-1-1, 37 КО) мексикалық стилі туралы ойын айтты, деп хабарлайды vRINGe.com.

"Қазір ол стилін мексикалық деп атамайды. Мен бұрын да айтқанмын, ол мексикалықтардың назарын өзіне аудару үшін "мексикалық стиль" деген сөзді ғана қолданады. Солай ойлаймын, өйткені ол бұлай істейтін бірінші де емес, соңғы да емес. Ондайды көбі жасаған: мексикалық бояулар, сомбреро. Мұнымен енді бәрі түсінікті. Ал бокс туралы айтсақ, мексикалық стиль - бұл мүлде басқа дүние", - дейді Альварес. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport