"Канело" Головкинмен трилогия алдындағы жекпе-жегінен айырылып қалды

Сурет: Getty Images
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) және екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) арасындағы жекпе-жек белгісіз уақытқа шегеріліп отыр, - деп хабарлайды Vesti.kz.

2 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасына белгіленген жекпе-жек бойынша келісімге келіп, бүгін, 17 наурыз Лос-Анджелесте бірінші баспасөз мәслихатын өткізбек болған. 

BoxingScene ақпаратынша, Альварес - Сондерс кездесуі маусымға немесе одан кейінге шегерілді. Дегенмен ешкім нақты болжам жасай алмай отыр.

Ал бокс кешінің қатысушылары мен қонақтары жайғасу керек болған MGM Resorts International кешені бүгіннен кемі 1 мамырға дейін ешкімді қабылдамайтынын хабарлады.

DAZN жоспары бойынша, "Канело" қыркүйекте қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) өткізуі міндет.