"Канело" Головкин салмағындағы чемпионымен жекпе-жектен бас тартты

© fightnews.info
Мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-2-1, 36 КО) келесі жекпе-жегінде жапониялық Риото Муратамен (16-2, 13 КО) жұдырықтаспайтын болды. Бұл туралы ESPN журналының мексикалық редакциясы хабарлады.

Альварес орта салмақта WBA (Super), ал Мурата - осы ұйымның "регуляр" титулына ие. Мұның алдында боксшылар 2 мамыр Жапонияда жекпе-жек өтізуі мүмкін екені хабарланған. Мексикалықтың өзі Муратамен жұдырықтасуға қарсы емес, тек 2021 жылы.

Головкин салмағындағы чемпионның промоутері "Канеломен" келіссөз өткізуге АҚШ-қа келді

"Канело" келесі кездесуін екінші орта салмақта өткізуі мүмкін. Ал қарсылас ретінде осы дивизиондағы WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) пен WBA (Super) титулына ие Каллум Смит (27-0, 19 КО) қарастырылып отыр. Мексикалық боксшыда бұл салмақта WBA "регуляр" белбеуі бар