Канело ең қауіпті қарсыластан қашу үшін Әлімханұлымен айқасатыны айтылды

© Instagram.com/toprank/canelo/

Бокс шолушысы британиялық Тейлор О'Хиггинс екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль Канело Альварестің (60-2-2, 39 КО) қарсылас таңдауына қатысты пікір білдірді, деп жазады Vesti.kz.

"Канелоның келесі айқасында Мунгия немесе Чарлоға қарсы жұдырықтасқанын көргім келмейді. 168 фунтта олардан әлдеқайда мықты боксшылар бары анық, бірақ Альварес мұны қаламайтын көрінеді. 

Шынын айтқанда алдағы бірнеше жылын ол Мунгия, Чарло, Адамес және Әлімханұлы сияқты боксшылармен жұдырықтасып, Бенавидеспен айқастан қашып жүретін болса таңқалмаймын. 175 фунтқа қайта көтерілуге де дәті бармайтын шығар", - деп жазыпты О’Хиггинс твиттер желісінде. 

Айта кетейік, көптеген сарапшылардың пікірінше, тегі мексикалық Давид Бенавидес (28-0, 24 КО) суперорта салмақта Альварес үшін ең қауіпті қарсылас саналады. Америкалық боксшы екінші орта дивизионда WBC ұйымының уақытша чемпионы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар