Канело - Чарло кардында айқасқан қазақ боксшы нокаут туралы айтып берді

©instagram.com/suleimen_promotions_official

Екінші орта салмақтағы қазақстандық боксшы Бек Нұрмағанбет (11-0, 9 KO) Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Лас-Вегастағы бокс кешінде нигериялық Абимболо Осундаироны (5-1, 3 КО) жеңгеніне қатысты пікірін айтты.

Канело - Чарло жекпе-жегінің кардында өткен айқас алты раундқа есептелген болатын, алайда үшіншісінде қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутқа түсірді. 

"Бұл бокс кеші тамаша өтті. Осындай үлкен шарада өнер көрсеткен ұнады. Канелоның кардында болу - боксшы үшін жақсы серпін. Ал екі абослют жұдырықтасып жатса, тіптен керемет. Менің жекпе-жегім жоспар бойынша өтті. Қарсылас осал емес, бірақ ол біздікі сияқты бокс мектебінен өтпеген. 

Алда жоспар көп. Қолдау үшін командам мен менеджерлерге алғыс айтамын. Жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізгім келеді", - дейді Бек. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар