"Канело" Биволға қарсы тактикасын ашып айтты

©telemundodeportes.com

Суперорта салмақта әлемнің абсолют чемпионы Сауль "Канело" Альварес (57-1-2, 39 КО) жартылай ауыр дивизионда WBA чемпионы Дмитрий Биволды (19-0, 11 КО) қалай жеңбек екенін айтты, деп хабарлайды vRINGe.com.

Бұл жекпе-жек Қазақстан уақытымен 8 мамыр таңғысын өтеді.

"Шыдамды болу керек. Жақындаудың амалын табу қажет. Соған жеткенше шыдау керек. Ол жақсы боксшы әрі қиын қарсылас. Қашықтықта жұдырықтасады, оны жақсы сақтайды. Жақсы қозғалады, өз дивизионы үшін жылдам, қуатты. Жалпы, жартылай ауыр салмақтағы қауіпті чемпион. Маған бұл сынақ ұнайды", - дейді Альварес. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар