Канело Альварес мәлімдеме жасады: Головкинмен 4-рет айқаса ма?

©boxingscene.com

Екінші орта салмақта абсолют чемпион Сауль Канело Альварес (60-2-2, 39 КО) карьерасына қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады Vesti.kz.

"Мен 4 мамырда жұдырықтасатынымды бәрі біліп отырған сияқты. Қазіргі таңда кейбір мәселелер талқыланып жатыр, бірақ апта соңында қарсылас кім болатынын айтамыз. Жекпе-жек 4 мамыр Лас-Вегаста өтетіні анық. Алайда ең маңызды мәлімдемем - тағы бір жылға TV Azteca арнасында қалатыным. 

Қаралым үшін ақша төлейтін платформаларын ұсынып, Мексикаға келгісі келгендер көп. Ал мен үшін адамдар жекпе-жектерімді тегін тамашалай алғаны маңызды. Құдайға шүкір не істейтінімді өзім шеше алатын жағдайдамын", - деп береді Канелоның сөзін ProBox TV.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport