"Канело" абсолют чемпионмен айқасамын деп сынға ұшырады

©Fightnews.info

Екі салмақта чемпион болған, қазіргі таңда комментатор әрі сарапшы Пол Малиньяджи екінші орта дивизионда абсолют чемпион атағы үшін Сауль "Канело" Альварес  (59-2-2, 39 КО) пен Джермелл Чарло (35-1-1, 19 КО) арасында өтетін жекпе-жекті жақтырмай отыр, деп хабарлайды Vesti.kz.

Тарихта қалады! "Канело" абсолют чемпионмен жекпе-жекке шығады

"Канело" бірден екі мега айқасты құртып отыр. Біреу емес, бірден екеуін. Ол өзіне қауіпті есептелетін Джермалл Чарло емес, оның егізі Джермеллмен шыққалы отыр. 

Ал бұл айқасты беттері бүлк етпестен ақылы трансляция арқылы сатып пайда таппақ, бұл Джермеллдің екі салмақ төмен жұдырықтасатынына қарамастан. Осылайша, біз "Канело" мен Давид Бенавидес арасындағы мега айқасты көре алмаймыз. Одан кейін Джермелл Чарло мен Тим Цзю арасында өту керек үлкен жекпе-жекті де болдырмай тастады", - дейді Малиньяджи YouTube-тегі өз бағдарламасында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар