"Канело" 18 нокауты бар британиялық "Горилламен" айқасады

©Canelo team

Мексикалық Сауль "Канело" Альварестің (58-2-2, 39 КО) келесі жекпе-жегі туралы ақпарат шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Инсайдер Майк Коппинджердің мәліметінше, "Канело" келесі айқасын 6 мамыр британиялық Джон Райдерге (32-5, 18 КО) қарсы өткізеді. Екінші орта салмақта әлемнің абсолют чемпионы атағы сарапқа салынатын айқас Мексиканың Халиско қаласында өтетінге ұқсайды. 

Альварес кейінгі рет былтыр қыркүйекте жұдырықтасып, қазақстандық Геннадий Головкинді (42-2-1, 37 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Ал "Горилла" лақап атты Райдер кейінгі рет қарашада отандасы Зак Паркермен (22-1, 16 КО) жекпе-жекке шығып, екініш орта салмақта WBO ұйымының уақытша чемпионы атанды. Осы жеңіс арқасында Райдер WBO ұйымының суперорта дивизиондағы толыққанды чемпион "Канелоға" міндетті қарсылас атанды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар