Қанды айқас. Бибосынов Тайландта қазақ боксшымен жұдырықтасты

©ҚБФ

Олимпиада жүлдегері және әлем чемпионы Сәкен Бибосынов Thailand Open турнирін жеңіспен бастады, деп хабарлайды Vesti.kz.

52 келі салмақта Сәкен өзге қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбаймен кездесу өткізіп, төрешілердің бірауыздан шыққан шешімімен жеңіске жетті. 

Қазақстандық боксшы халықаралық турнирдегі бірінші айқаста жеңіске жетті

Екінші раундта Санжардың мұрны қанай бастады: аздаған үзілістен кейін дәрігер айқасты жалғастыруға рұқсат берді. Алайда қан тоқтағанның орнына қаттырақ аға бастады, дегенмен, жекпе-жек тоқтатылмады.

Ширек финалға өткен Бибосыновтың келесі қарсыласы жергілікті боксшы Танарат Саенфет болады.

Бибосынов пен Ташкенбайдан бөлек бұл жарысқа тағы он қазақстандық боксшы қатысып жатыр.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport