Қанат Ислам "Канело" кардында 28 нокауты бар мексикалық экс-чемпионмен жұдырықтасады

Cehtn& instagram.com/islamkanatqazaq
Орта салмақта жұдырықтасатын қазақстандық боксшы Қанат Исламның (27-0, 21 КО) келісі қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

RingPolska ақпаратынша, қазақстандық келесі жекпе-жегінде Хайме Мунгиямен (34-0, 28 КО) жұдырықтасады.

Ислам - Мунгия жекпе-жегі мексикалық Сауль "Канело" Альварес (53-1-2, 36 КО) және екінші орта салмақта WBO чемпионы британиялық Билли Джо Сондерс (29-0, 14 КО) кездесуінің андеркартында өтеді. Бұл бокс кеші 2 мамыр Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді деп жоспарланған, алайда, коронавирус пандемиясына баланысты ол туралы әлі күнге ресми құлақтандырылмады.

Еке салайық, Мунгия орта салмаққа ауысып, бірінші жекпе-жегінде ирландиялық Гэри О’Салливанды (30-4, 21 КО) нокаутпен жеңді.

Ал Қанат Ислам кейінгі рет 2019 жылы Алматыда жұдырықтасты. Намибиялық Уолтер Каутондокваны (18-2, 17 КО) төрешілер шешімімен жеңген қазақстандық боксшы WBO International белбеуін қорғап қалды.