Канадалық маман Садриддин Ахмедовтың төрт титул үшін жекпе-жегіне алаңдаулы

Сурет: lesoleil.com

Бірінші орта салмақта WBC титулына ие қазақстандық Садриддин Ахмедовтың (11-0, 10 КО) келесі жекпе-жегі карьерасындағы ең ауыр сынақ болуы мүмкін. Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында канадалық бокс маманы Лорент Поулин осындай пікір білдірді. 

"Ахмедовтың дағдылығында күмәнім жоқ, бірақ, ол Мексикаға бірінші рет бара жатыр. Бір рет Қазақстанға барып, қарсыласын нокаутқа түсіре алмай қалған. Сол жекпе-жекте жеңіске жетті, дегенмен, өзінің әдеттегі стилінде емес. Ал енді тағы басқа жерде жұдырықтасады, тіпті отанында да емес. Бұл айтарлықтай салмақты фактор. Оған оңай бола қоймас. Ол қарсыласынан мықты болғанымен, анық басымдығы бар деуге келмейді. Ол тамаша, әрі жылдам жеңіске үйренген. Алайда осы жолы бәрі басқаша болады. Ахмедовке осы сынақтан өту керек", - дейді маман. 

Айта кетейік, 30 қаңтар Мексиканың Куэрнаваке қаласындағы бокс кешінде Ахмедов голландиялық Стивен Даньомен (17-3-3, 6 КО) жұдырықтасады. Он раундқа есептелген жекпе-жекте WBA Continental, NABF, WBC Francophone және NABO титулдары сарапқа салынуы мүмкін.