Жүкембаев пен Ахмедов жекпе-жектеріне тікелей трансляция

24 желтоқсан 2022 10:32
©instagram.com/batyr_jukembaev/

Бүгін, 24 желтоқсанда Алматыда кәсіпқой бокс кеші өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Бокс кешінің басты айқастарының бірін қазақстандық Садриддин Ахмедов (12-0, 8 КО) пен Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО) өткізеді.

Жекпе-жек Sadu Arena-да өтеді. Ал тартысты айқастарды Qazsport телеарнасының тікелей эфирінен Астана уақытымен 18:30 бастап тамашалай аласыздар.

Еске салайық, Жүкембаев оңтүстік африкалық Холани Мкотелимен (19-7, 12 КО) WBC Asia белбеуін сарапқа салса, Ахмедов тағы бір оңтүстік африкалық Нкулулеко Мхлонгомен (23-10-1, 18 KO) қолғап түйістіреді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport