"Жұдырықтасу тиіс". Мексикалық бокс аңызы "Канелоның" Головкинмен жекпе-жек қарыз екенін айтады

© Тұрар Қазанғапов
Төрт салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы, мексикалық бокс аңызы Хуан Мануэль Маркес отандасы Сауль "Канело" Альварестің карьерасына қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды BoxingScene.com.

Ол "Канелоның" жартылай ауыр салмақта WBO белбеуі үшін Сергей Ковалевпен жекпе-жегіне риза болған екен. Дегенмен ол Альварес ресейлікті тоғызыншы раундта сұлатады деп болжапты.

Сонымен қатар, ол жанкүйерлерге Головкинмен үшінші жекпе-жек қарыз болып тұрғанын айтады. 

"Ол GGG-мен қайтадан жұдырықтасуы тиіс. Меніңше, "Канело" жеңеді. Адамдар бұл жекпе-жекті көргісі келеді. Головкин Деревянченкомен кездесуінде өз-өзіне ұқсамады. Бапкерлерді ауыстырып еді, соңғы кездесуінде нашар көрінді", - дейді Маркес.