auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

"Жиіркенішті айқас, ақымақтық". Шетелдік БАҚ қазақстандық нокаутшының алғашқы жеңілісі жайлы

"Жиіркенішті айқас, ақымақтық". Шетелдік БАҚ қазақстандық нокаутшының алғашқы жеңілісі жайлы
©box-club.ru

Бокс туралы жазатын vRINGe.com интернет-журналы қазақстандық Жан Кособуцкий (19-1, 18 KO) мен нигериялық Эфе Аджагба (18-1, 14 KO) жекпе-жегіне қатысты мақала жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Солақай Кособуцкий қарсыласына сенімді түрде тап берді, бірақ нигериялық мұндайға дайын боды: джебпен қашықтықты ұстап отырды, қармыта шабуылдар жасауға тырысты. Екінші раунд біртүрлі қызық өтті. Аджагба денеден соққылар жасады. Кособуцкий қарсыласы оны белден төмен ұрғанын көрсетті, ал төреші былқ еткен жоқ. 

Кособуцкийге денеден соққылар ұнамады, бір кезде ол Аджагбаны күрес әдісімен құлатты. Жан раунд соңына дейін көп соққы өткізіп алды. Қарсыласын күшпен алмақ болды. Бірақ бұл күмәнді шешім еді.  

Үшінші раундта Кособуцкий екі рет белден төмен ұрып, екі рет ұпайдан айырылды. Жан жоғары деңгейдегі жекпе-жектерге дайын емес сияқты. 

Жиіркенішті айқас болды. Екеуі де белден төмен ұра берді. Кособуцкий тұрысын ауыстырып қарсыласын шатастырмақ еді. Алайда өзі шатасқан сияқты. Жиіркенішті айқас осылай аяқталды. Белден төмен тағы бір соққы, дисквалификация. 

Бұл ақымақтық...", - деп жазады дереккөз.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама