Жеңіліс сериясын тоқтатқан ауыр салмақтағы боксшы әлем чемпионы атанды

©Reuters

Британиялық боксшы Дерек Чисора ауыр салмақта WBA чемпионы атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл титулды ол болгариялық Кубрат Пулевпен жекпе-жекте жеңіп алды. 

Боксшылар 2016 жылы бір рет жұдырықтасқан болатын. Ол кезде болгариялық төрешілер шешімімен жеңген еді. 

Бұл жолы Лондонда (Ұлыбритания) өткен айқас 12 раунд өтіп, Чисора төрешілердің бөлек шешімімен басым түсті. 

Британиялық кәсіпқойда 45 жекпе-жек өткізіп, 33-інде жеңіске жеткен. Осылайша, ол қатарынан үш жеңіліс сериясын үзді. Пулев үшін бұл үшінші жеңіліс (29 рет жеңіске жеткен). 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар