Жеңіліп көрмеген қазақ боксшы "салмақты" титул үшін айқасады

©instagram.com/zhankoshturarov/

Жартылай орта салмақта IBO және WBA Gold чемпионы Жанқош Тұраров жазда титулдық айқас өткізеді, деп жазады Vesti.kz менеджер Ұлжан Мусахановаға сілтеме жасап.

Менеджер әлеуметтік желіде қазақстандық боксшының рингке оралатынын құлақтандырды.

"Жанқош қазір Сочиде жаттығу жиынында. Маусым айының соңы немесе шілденің басы Тұраровқа тағы да жекпе-жек ұйымдастырамыз. Белбеу бойынша келіссөз жүруде, қазірден бастап дайындалып жатырмыз. Жекпе-жек салмақты титуыл үшін болады", - деп жазыпты менеджер. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар