Жеңілмеген қазақстандық нокаутшы Головкиннің бұрынғы қарсыласы андеркартында жұдырықтасады

© Eye of the Tiger Management
Екінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық Нұрзат Сабыровтың (10-0, 9 КО) келесі жекпе-жегі белгіленді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec.com ақпаратынша, Сабыров рингке 21 ақпан Канадданың Римуски қаласында шығады. Бұл бокс кешінің басты жекпе-жегінде орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Давид Лемье (41-4, 34 КО) мен польшалық Роберт Таларек (24-13-3, 16 КО) жұдырықтасады.

Қазақстандық қарсыласы әзірге белгісіз, жекпе-жек форматы сегіз раунд. 

Сабыров кейінгі жекпе-жегін 30 маусым Тетфор Мине (Канада) қаласында өткізіп, венгриялық Ласло Тотаны (27-5-1, 19 КО) нокаутқа түсірген.

Осыдан кейін ол Монрельда мексикалық Бруно Сандовалмен (20-3-1, 16 КО) жұдырықтасу керек болатын, алайда, жарақат алып қалған еді.