Жеңілмеген қазақ нокаутшы мексикалық боксшыны 43 секундта сұлатты

Сурет: kazproboxing©

Бірінші ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық нокаутшы Серік Мұсәділов (8-0, 8 КО) кәсіпқой рингтегі сегізінші жеңісіне жетті, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақ боксшы АҚШ-тың  Хайалиа қаласында өткен бокс кешінде 29 жастағы мексикалық Даниэл Нахерамен жұдырықтасты. Алты раундқа есептелген жекпе-жек 43-ші секундта аяқталды. 26 жастағы Серік қарсыласын бұрышқа тығып, есеңгіретіп тастады. 

Мұсәділов келесі жекпе-жегін 29 қаңтарда өткізеді деп жоспарланған. Қарсылас әзірге белгісіз.