Жеңілмеген қазақ боксшы "Канело" анедркартында 13 нокауты бар мексикалықпен жұдырықтасады

Мейірім Нұрсұлтанов. Сурет: Тұрар Қазанғапов©
Орта салмақта өнер көрсететін Мейірім Нұрсұлтановтың (11-0, 8 КО) 2 қарашада жұдырықтасатын қарсыласы белгілі болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec.com ақпаратынша, 25 жастағы қазақ боксшының қарсыласы 27 жастағы мексикалық Кристиан Оливас (16-5, 13 КО) болады. Бұл жекпе-жекте орта салмақта WBC тұжырымындағы АҚШ чемпионы (USNBC) титулы сарапқа салынады.

Айта кетейік, Оливас сәуірде Лос-Анджелесте қазақстандық Жәнібек Өлімханұлымен (7-0, 3 КО) жұдырықтасып, төрешілер шешімімен жеңілген. 

2 қарашада Мейірім Лас-Вегастағы MGM Grand аренасының бокс кешінде өнер көрсетеді. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) және мексикалық Сауль "Канело" Альварес (52-1-2, 35 КО) жартылай ауыр салмақта ресейлікке тиесілі WBO белбеуі үшін жұдырықтасады.