Жеңілмеген Ербосынұлы мен Жаңабаев титулды жекпе-жектерін қайда өткізетіні белгілі болды

Айдос Ербосынұлы. Боксшының командасы ұсынған сурет
Екінші орта салмақта жұдырытасатын Айдос Ербосынұлы (11-0, 8 КО) және жартылай орта салмақтағы Нұрсұлтан Жаңабаевтың (7-0, 5 КО) титулды жекпе-жектері өтетін орын анықталды, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандықтар 14 тамыз Аустралия астанасы Сиднейде рингке шығады. Қарсыластары алдағы күндері белгілі болады. Ербосынұлы WBO Global, WBC Asia және WBA Inter-Continental белбеулерін, ал Жаңабаев - WBA Inter-Continental титулын қорғайды.

Еске салайық, екі боксшы да соңғы рет 24 наурыз Алматыда жұдырықтасты. Жаңабаев венесуэлалық Иван Матутені нокаутпен жеңді, ал Ербосынұлы бокс кешінің басты жекпе-жегінде намибиялық Лукас Ндафолумнан басым болды. 

Карьерасында Ербосынұлы Ресейде, Украина, АҚШ пен Қазақстанда өнер көрсеткен. Ал, Жаңабаев Қытай, Ресей мен Қазақстанда ғана жекпе-жектер өткізген.