Жауыздықпен пышақтап кеткен. Әлем чемпионы бөлесінің өліміне байланысты мәлімдеме жасады

©Manchester Evening News

Ауыр салмақта WBC чемпионы Тайсон Фьюри Британия үкіметін суық қарумен қылмыстарға жазаны күшейтуді сұрады. Кеше, 21 тамызда боксшының бөлесін пышақтап кетіп, ол көз жұмған, деп хабарлайды vRINGe.com порталы Reuters-ке сілтеме жасап.

Британиялық БАҚ мәліметінше, 31 жастағы Фьюри Рико Бертон мен оның 17 жастағы досына Манчестерде екі адам пышақпен шабуыл жасаған. 

"Өткен түнде бөлемді өлтіріп кетті, оның мойнына пышақ сұққан. Есуастарға пышақ алып жүруге рұқсат ету қандай жөнсіздік десеңізші. Мұны тезірек тоқтату керек. Үкімет пышақ қолданып, қылмыс жасағандарға жазаны күшейту қажет. Бұл бір пандемия болып кетті. Өз басыңа келмей, мұның қандай ауыр екенін түсінбейсің", - дейді Фьюри. 

Полиция шабуылға күдікті 21 және 20 жастағы екі адамды ұстағандарын хабарлады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport