"Жарым титул". Головкиннен нокаутқа түскен америкалық "Канело" неге ортаңқол боксшы екенін айтты

Сурет: FightKings
Екінші орта салмақта жұдырықтасатын америкалық боксшы Габриэль Росадо (25-12-1, 14 КО) төрт салмақта әлем чемпионы мексикалық Сауль "Канело" Альваресті (53-1-2, 36 КО) ортаңқол боксшы деп есептейді екен. Осылайша, ол суперорта салмақтағы ең мықты боксшылардың үштігін атады.

"Канело" мен GGG қолынан келмеген". Головкиннің экс-қарсыласы 30 нокауты бар бұрынғы чемпионды сұлатуға уәде берді

"Сондерс чемпиондар төртігіндегі ең осалы болып көрінеді. Калеб Плант үшінші, бірақ, ол маған өте ұнайды. Кейін Джозеф Бенавидес, ал Каллум Смит - №1. "Канело" ТОП тізімге кірмейді, өйткені онда жарым титул ғана.

Менің мақсатым - әлем титулын иелену, қай чемпионға қарсы маңызды емес. Мен қазір бабымдамын және жеңе алатыныма сенімдімін", - деп келтіреді Росадоның сөзін vRinge.com.

Еске салайық, 34 жастағы Росадо 2013 жылы орта салмақ лимитінде қазақстандық Геннадий Головкинмен (40-1-1, 35 КО) жұдырықтасып, жетінші раундта нокаутпен жеңілген болатын.  
Жаңалықтар