Жартылай орта дивизиондағы қазақ боксшы WBC титулы үшін жекпе-жекке шығады

Бірінші жартылай орта салмақтағы қазақстандық боксшы Дәулет Дәукеновтың (8-1, 3 КО) келесі жекпе-жегінің күні белгіленді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

BoxRec.com мәліметінше, 27 жастағы қазақстандық боксшы 13 ақпан Киевте өтетін бокс кешінде рингке шығады. Дәулеттің қарсыласы 21 жастағы жергілікті Александр Абрамян (4-1, 2 КО) болады.

Он раундты жекпе-жекте WBC Continental белбеуі сарапқа салынады.

Дәукенов кейінгі рет былтыр қазанда Минскте жұдырықтасып, украиналық Назри Рахимовты (6-2, 3 КО) төрешілер шешімімен жеңіп, WBA Asia East титулын жеңіп алған.