Жәнібектің нокаутпен жеңісінің кері жағы ашық айтылды

©instagram.com/janibek_alimkhanuly

Америкалық журналист Джек Маккаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) германиялық Винченцо Гуальтьериді (21-1-1, 7 КО) жеңгеніне қатысты ойын айтты.

АҚШ-тың Розенберг қаласында өткен жекпе-жек алтыншы раундта техникалық нокаутпен аяқталды. 

"Тамаша көрініс болды. Әлімханұлы қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Бұл айқаста кім жеңеді емес, қай уақытта аяқталады деген сұрақ қана болды. Винченцо бірталай шыдап берді. 

Бұл жеңісімен қазақстандық боксшы дивизионның басты жұлдыздарын үркітіп алды. Енді Чарло немесе Лара аралық жекпе-жексіз титул біріктіруге келіспес. Сондықтан алда Зерафа немесе британиялық Фэликс Кэшті таңдауға болады. Әлімханұлы екі белбеумен кез келген титулы жоқ проспект үшін қызықты болады. Уақыт көрсетеді, бірақ Жәнібекке ерте ме, кеш пе, келесі салмаққа өту керек болары анық", - дейді Маккаферри.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport