Жәнібектің қарсыласы жекпе-жек ерте тоқтатылғанына шағымданды

©Sport.de

Орта салмақта жұдырықтасатын германиялық боксшы Винченцо Гуальтьери (21-1-1, 7 КО) Жәнібек Әлімханұлынан (15-0, 10 КО) техникалық нокаутпен жеңілгеннен кейін жекпе-жек туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Жәнібекті құттықтаймын, ол менен мықты болды. Жекпе-жекті ерте тоқтатты деп ойлаймын, дегенмен ол күштірек болды. Бүгін осы айқасты тамашалауға келгендерге алғыс білдіремін. Әлімханұлының қуаты туралы айтсам, соққылары ауыр екен", - дейді германиялық боксшы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар