Жәнібектің екі қарсыласы чемпион атағы үшін айқасады

©Boxingscene.com

Британиялық боксшылар Дензел Бентли (18-3-1, 5 КО) және Дэнни Дигнум (16-1-1, 9 КО) орта салмақта Ұлыбритания чемпионы атағы үшін жекпе-жекке шығады, деп жазады Vesti.kz
 
Бұл айқас 11 мамыр Британия жерінде өтеді. Бокс кешін TNT Sports трансляциялайды.

Еске салайық, екі боксшы да орта дивизионда WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлының (15-0, 10 КО) қарсыласы болған. 2022 жылдың мамырында қазақ боксшы Дигнумды нокаутқа түсірді, ал қарашада Бентлиді төрешілер шешімімен жеңген болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport