Жәнібек Әлімханұлының әлем чемпионымен айқасы кедергіге ұшырап отыр

©Top Rank

Бүкіләлемдік бокс ұйымы (WBO) қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) мен ұйымның орта салмақтағы чемпионы америкалық Деметриус Андраде (31-0, 19 КО) жекпе-жегі бойынша промоутерлік сауда уақытын екінші рет шегерді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бастапқыда промоутерлік сауда 14 қаңтарда өтуі тиіс еді, алайда, оны кейін бір аптаға шегерді. Енді сауда уақыты қайта өзгерді.

"Пуэрто-Рикодағы COVID-19 бойынша қазіргі ахуал Деметриус Андраденің Жәнібек Әлімханұлына қарсы міндетті қорғаудың саудасын тағы шегеруге мәжбүрледі. Енді ол жұма, 28 қаңтар, 11:00-де WBO ұйымының Сан-Хуандағы басты кеңсесінде өтеді", - деп хабарлайды ұйым. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport