Жәнібек Әлімханұлы келесі қарсыласын таңдады

©instagram.com/janibek_qazaqstyle/

Орта салмақта WBО чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (12-0, 8 КО) алдағы уақытқа жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Чарломен айқасып, WBC белбеуін алғым келеді. Бұл жеңіл жұмыс болады. Мен жеңіл болады десем, демек, расымен солай. Мен екі экс чемпионды (Роб Брант пен Хассан Нжикам) және жеңілмеген боксшыны (Дэнни Дигнум) нокаутқа түсіргенмін. Мен - әлем чемпионымын. Мен барлық чемпионды нокаутқа түсіремін. Келесі кім?" - деп береді Жәнібектің сөзін Boxingscene.com.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport