Жәнібек Әлімханұлы жанкүйерлеріне үндеу жасады

©twitter.com/qazaqstyle/status/

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) әлеуметтік желісінде жанкүйерлеріне алғыс білдірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Қазіргі таңда Әлімханұлы ұлыбританиялық боксшы Дэнни Дигнумға 14-0-1, 8 КО) қарсы өтетін кездесуге қызу дайындық өткізуде. Бұл жекпе-жек 21 мамыр күні Лас-Вегас (Невада штаты, АҚШ) қаласында өтеді. Кездесуде орта салмақтағы WBO ұйымының "уақытша" чемпиондық" атағы сарапқа салынады. 

"Қолдау білдіріп жатқан барлық жанкүйерлерге рақмет. Жуырда Жер шарында жаңа чемпион болады", - деп жазды Тwitter парақшасында Әлімханұлы. 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының (11-0, 7 КО) ісін жүргізетін Top Rank промоутерлік компаниясы британиялық Дэнни Дигнуммен (14-0-1, 8 КО) жекпе-жек туралы құлақтандырды. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport