Жәнібек Әлімханұлы Головкинді жеңісімен құттықтады

©Top Rank

Орта салмақтағы қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) осы салмақта үш белбеудің иегері атанған Геннадий Головкинді  (42-1-1, 37 КО) жеңісімен құттықтады, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Еске салайық, Головкин соңғы кездесуін 9 сәуір күні Сайтама қаласында өткізіп, тоғызыншы раундта жапониялық Риото Муратаны нокаутпен жеңді. 

"Бәрекелді. Жеңіс құтты болсын", - деп жазды Әлімханұлы Головкиннің әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

  

Айта кетейік, Әлімханұлының өзі келесі кездесуін 21 мамыр күні Лас-Вегаста өткізеді. Оның қарсыласы ұлыбританиялық Дэнни Дигнум болады. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport