Жәнібек Әлімханұлы чемпиондық жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

© instagram.com/janibek_alimkhanuly

Қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО) орта салмақтағы чемпиондық айқас алдында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz. 

"Орта салмақтың зәре-құтын қашырамын. Қазақ стилі туралы жуырда бүкіл әлем білетін болады!" - деп жазыпты Жәнібек.

Айта кетейік, бұл салмақта өзге қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) де өнер көрсетеді. 

Мұның алдында WBO Жәнібек Әлімханұлын Деметриус Андраде орнына бразилиялық Эскива Фалькаомен ұйымның "уақытша" чемпионы атағы үшін жекпе-жегін белгілеген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport