"Жаңа Головкин" атанған қазақ нокаутшы чемпиондық айқасқа шығатыны айтылды

©boxing-social.com

Британиялық бокс шолушысы Франко Луччи Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында екінші жартылай жеңіл салмқата WBO European титулы бар қазақстандық Сұлтан Зауырбектің (16-0,12 КО) карьерасына қатысты пікір білдірді. 

1 наурызда Сұлтан Телфорд қаласындағы Telford International Centre аренасында британиялық Алекс Дилмаганимен (20-2-1,7 КО) жұдырықтасады. Он раундтық айқас жеңімпазы екінші деңгейлі WBO Global және WBA Gold титулдарын иеленеді. 

"Сұлтан өте мықты боксшы. Ұлыбританияда көптен бері өнер көрсетіп келеді және бокстан хабары барларға таныс. Бірнеше жарқын жеңіске жеткен, бірақ қарсыластар деңгейі оған сай келмейді. Биыл атағы бар қарсыластарға шығу қажет. 

Жалпы оның болашағы зор сияқты. Өзінің стилі бар және статистикасы да жақсы. Осы қарқынмен келесі жылы-ақ чемпиондық жекпе-жекке шығуға болады. Дегенмен бұл үшін қазірден мықты қарсыластарға шығу керек", - дейді Луччи. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport