Жан Кособуцкий жыл соңына дейін тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін

©Universum_TV

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (16-0, 15 КО)  2021 жылдың соңына дейін тағы бір кездесу өткізуі мүмкін, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. Бұл 32 жастағы боксшымыздың биылдыққа үшінші айқасы болмақ. 

Кособуцкий тамыз айында америкалық Джой Давейконы нокаутқа түсіріп, WBA International белбеуін қорғап қалды. 

"Желтоқсан айында тағы бір кездесу өтетін шығар. Қайда екені әзірге белгісіз", - деді боксшы бізге берген сұқбатында. 

Айта кетейік, 2021 жылғы екі кездесуін де Кособуцкий Германияның Гамбург қаласында өткізіп, екеуінде де нокаутпен жеңіске жетті. 

Еске салайық, жуырда бұл боксшының жекпе-жектерін танымал қазақстандық промоутер ұйымдастыра бастады. Жалпы Жан кәсіпқой боксқа 16 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 9 кездесуде ол қарсыластарын нокаутқа түсірген. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: