Иван Дычконың кәсіпқой бокстағы келесі кездесуі қашан өтетіні айтылды

©Тұрар Қазанғапов

Аса ауыр салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Иван Дычко (11-0, 11 КО) келесі кездесуін сәуір айының соңында АҚШ жерінде өткізуі мүмкін, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Boxrec ақпараты бойынша, он раундқа жоспарланған отандасымыздың келесі кездесуі 30 сәуір күні өтеді. Бірақ 31 жастағы Дычконың қарсыласы әлі анықталған жоқ. 

Айта кетейік, бұл айқасының алдында ауыр салмақтағы боксшымыз Сауль "Канело" Альвареспен жұмыс істеген промоутермен келісімшарт жасаған еді. 

Иван Дычко соңғы кездесуін Нұр-Сұлтан қаласында болған бокс кешінде өткізіп, ресейлік Александр Устиновтан үстем түсті. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport