IBA Санжар Тәшкенбайдың ӘЧ-дегі нокдаунын ерекше атап өтті

©instagram.com/boxingkazakhstan/

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Ташкентте өткен 2023 жылғы бокстан әлем чемпионатындағы қазақстандық Санжар Тәшкенбайдың өнерін атап өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл жолы ұйым Санжардың ширек финалдағы айқасына назар салыпты. Ол кезде қазқа боксшы жапониялық Кадзумо Аратакені нокдаунға түсіріп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен болатын. 

"Нокауттар мен нокдаундар. Ташкентте бірнеше мықты сәттер болды. Ал сіздерге ең ұнағаны бар ма?", - делінген IBA Instagram желісінде жариялаған видеоға жазбада. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар