Ханчжоуда қазақстандық әлем чемпионы мен өзбекстандық Олимпиада чемпионы айқасады

26 қыркүйек 2023 11:20
©

Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосыновтың 2023 жылғы Азия ойындарындағы келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

51 келі салмақта жарыстың ширек финалына жолдама үшін Сәкен өзбекстандық Хасанбой Дусматовпен жұдырықтасады. 

1/16 финалда Бибосынов Азия чемпионатының жүлдегері моңғолиялық Орхонт Оноболдты таза жеңді - 5:0. Ал Дусматов 1/16 финалдық кезеңде кореялық Чо Сен Юннен басым түсті.

Дусматов 2016 жылғы Олимпиада чемпионы, сонымен қоса, Азия чемпионатының үш дүркін жеңімпазы (2015, 2017, 2022).

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport