Головкиннің командасындағы қазақстандық боксшы әлемнің бұрынғы чемпионымен жаттығу өткізді

10 қыркүйек 2021 16:25
©instagram.com/ali_akhmedov_officialpage/

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Али Ахмедов (16-1, 12 КО) өзінің алдағы кездесуіне дайындық барысында жартылай ауыр салмақта WBC және WBA белбеулерінің бұрынғы иегері швециялық боксшы Баду Джекпен (24-3-3, 14 КО) жаттығу өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі. 

"Досым Баду Джекпен жақсы жаттығу өткіздік", - деп жазды Ахметов әлеуметтік желіде. 

Еске салайық, Ахмедов шаршы алаңға 16 қыркүйекі күні Монтебелло (Калифорния штаты, АҚШ) қаласында оралады. Оның қарсыласы перулік боксшы Давид Сегарра (34-5, 21 КО) болады. Жекпе-жек он раундқа жоспарланған. 

Негізі бұл боксшылар тамыз айында кездесуі керек еді. Бірақ ол кезде Сегарра коронавирус жұқтырып алды. 

Айта кетейік, Ахмедовтің жекпе-жектерін орта салмақта IBF және IBO белбеулерінің иегері Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) негізін қалаған GGG Promotions компаниясы ұйымдастырады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: