Головкиннің қарсыласы әлем чемпионы титулы үшін жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

© twitter.com/GGGBoxing
Украиналық боксшы Сергей Деревянченко (13-1, 10 КО) орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкинмен (39-1-1, 35 КО) болатын алдағы жекпе-жек туралы ойын айтты. Боксшының сөзін Boxingscene.com.

GGG 5 қазан Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін жекпе-жегі туралы реси хабарлады. Боксшылар орта салмақта бос қалған IBF белбеуін сарапқа салады.

"Командам әлем чемпионы титулы үшін кезекті рет жұдырықтасуға мүмкіндік бергені үшін қуаныштымын. Головкинді өте сыйлаймын және арманымды орындауға - әлем чемпионы атануға лайықты екенімді дәлеледейтін сәтті тағатсыздана күтіемін. Madison Square Garden аренасына келгендері және жекпе-жекті DAZN-нен тамашалайтындар керемет жекпе-жекке куә болады. Рингке шығатын сәтті асыға күтем", - дейді Деревянченко.

Былтыр қазанда Деревянченко IBF титулы үшін бір рет таласқан, алайда, америкалық Дэниэл Джейкобске есе жіберді. Ал мамырда Джейкобс мексикалық Сауль Альварестен жеңілді. Осы уақытта украиналық Джек Кулькайды жеңіп, IBF белбеуіне қайтадан мінедтті үміткер атанды.