Головкиннің экс қарсыласы Жәнібекті атақты боксшымен айқастан "айырды"

©instagram/janibek_alimkhanuly

Wasserman Boxing компаниясының промоутері Калле Зауэрланд өзі ісін жүргізетін Крис Юбенкке (33-3, 24 КО) жекпе-жек ұйымдастуры үшін орта салмақта WBO және IBF чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) және британиялық Келл Брукпен (40-3, 28 КО) келіссөз өткізіп жатқанын айтады.

"Екі кездесудің де ұтымды тұстары бар. Брукпен айқас Ұлыбритания үшін дүркіреген бокс кеші болады, ал Жәнібекпен жекпе-жек әлем чемпионы титулдарын иеленуге мүмкіндік береді. Бұл АҚШ-та жақсы кеш болатын еді. 

Әлімханұлы ESPN-де өнер көрсетеді, алайда онда танымал емес. Сондықтан бұл туралы әзірше жар салмай-ақ қояйық. Меніңше, мұра қалдыру жағынан Брукпен жекпе-жек артық болатыны анық. Бірақ бәрі Юбенк қандай ойда екеніне байланысты", - дейді промоутер Seconds Out-қа берген сұхбатында.  

Брук 2016 жылы Геннадий Головкинмен (42-2-1, 37 КО) жұдырықтасып, нокаутпен жеңілген еді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport