Головкинмен трилогия үшін жанжалдасқан "Канело" мен Де Ла Хойя арақатынасы тығырыққа тірелді

© reviewjournal.com
Промоутер Оскар Де Ла Хойя өзінің басты жұлдызы мексикалық Сауль "Кнело" Альвареспен (53-1-2, 36 КО) арада араздық барын жоққа шығарып отыр.

Golden Boy басшысының сөзінше, "Канеломен" раадаға қызметтік қатынас тамаша және алдағы күндері ол Альварестің 2 мамырдағы жекпе-жегіне қарсылас кім болатынын талқылау үшін жеке кездеседі. 

Дегенмен, The Athletic порталының инсайдері Майк Коппинджердің мәліметінше, Де Ла Хойя жағдай құрдымда болғанымен сыр бермеуде. Ал шындығына келгенде "Канело" промоутермен мүлде сөйлеспейді. Олар қатынастары тек адвокаттар арқылы. Оның үстіне Де Ла Хойя мен Альварес арасында ешқандай да кездесу жоспарланбаған. Мексикалық кіммен жұдырықтасатынын жеке шешеді екен.